Құпиялылық және жеке деректі өңдеу жөніндегі бұл саясат «EDU Stream Plus» ЖШС (Эду Стрим Плюс) оқу орталығының (бұдан ары – оқу орталығы) Вебсайтының жеке және өзге дерегін өңдеу тәртібін реттейді. Құпиялылық саясатының бұл редакциясы танысқанға әрқашан қолжетімді және Ғаламтор желісінде https://camp.edustream.kz адресінде орналасқан.
Осы Вебсайтта толтырған жеке және өзге деректі, сондай-ақ электрондық үлгіде құжаттарды оқу орталығына беру арқылы Қолданушы толтырған дерегін осы Құпиялылық саясатта көрсетілген шарт негізінде қолдануға өз келісімін береді.
Егер Қолданушы осы Құпиялылық саясатының шартымен келіспесе, онда Вебсайтты қолдануды тоқтатуға міндетті.
Қолданушы Вебсайтты пайдалану арқылы осы Құпиялылық саясатына шартсыз түрде келіседі.
1. ТЕРМИНДЕР МЕН МАҒЫНАЛАР
1.1. Вебсайт – ғаламтор желісінде https://camp.edustream.kz адресі бойынша орналасқан электрондық ресурс.
Вебсайтқа және оның жеке элементіне (бағдарламалық қамту, дизайн) иелік құқық толыққанды тек Оқу орталығына тиесілі. Иелік құқығын Қолданушыға беру осы Құпиялылық саясатының мәні болып табылмайды.
1.2. Қолданушы — Вебсайтты пайдаланатын тұлға.
1.3. Заң — Қазақстан Республикасының күші бар заңы.
1.4. Жеке дерек — Қолданушының өз бетінше тіркелу немесе Вебсайт функционалын пайдалану процесі кезінде Қолданушының енгізген жеке дерегі.
1.5. Дерек — Қолданушы туралы өзге деректер (Жеке дерек деген түсінікке жатпайды).
1.6. Тіркелу — Қолданушының Вебсайтта қажетті ақпаратты енгізіп, сканнан өткен құжатты жіберу арқылы профилін құруы.
1.7. Қызмет(тер) — онлайн қолжетімділікті қоса алғандағы Оқу орталығы көрсететін қызметтер. ”
2. ЖЕКЕ ДЕРЕКТІ ЖИНАУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ
2.1. Оқу орталығы жинайтын және сақтайтын Жеке дерек – ол тек Оқу орталығының қызмет көрсету және Қолданушымен қарым-қатынас құруға қажетті ғана дерек.
2.2. Жеке дерек келесі мақсатта:
2.2.1 Қолданушыға қызмет көрсетуде;
2.2.2 Қолданушыны сәйкестендіруде;
2.2.3 Қолданушымен қарым-қатынаста;
2.2.4 Қолданушыға жарнамалық материал, ақпарат және сұрау жіберуде;
2.2.5 статистикалық және өзге зерттеу жүргізуде қолданылуы мүмкін;
2.3. Оқу орталығы сондай-ақ келесі деректі өңдейді:
2.3.1 тегі, есімі және әкесінің аты;
2.3.2 электрондық пошта адресі;
2.3.3 телефон номері (с.і. ұялы).
2.4. Вебсайтта Қолданушыға үшінші тараптың (ол тараптың мүддесін қорғауға құжат жүзінде рұқсат берілген жағдайдан басқасы) жеке дерегін енгізуге тыйым салынған.
3. ЖЕКЕ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕРЕКТІ ӨҢДЕУ ТӘРТІБІ
3.1. Оқу орталығы Жеке деректі Қазақстан Республикасының «Жеке дерек жайлы» заңына және Оқу орталығының ішкі құжатына сәйкес қолдануға міндеттеледі.
3.2. Қолданушының Жеке және өзге дерегіне қатысты құпиялылық, енгізілген дерек бұрындары жалпыға жария болған жағдайдан басқа кезде сақталады.
3.3. Оқу орталығы Жеке деректің мұрағаттағы көшірмесін сақтауға құқылы.
Оқу орталығы Жеке деректі және Деректі Қазақстан Республикасының территориясынан тыс серверде сақтауға құқылы.
3.4. Оқу орталығы Қолданушының Жеке дерегін және Деректі Қолданушының келісімінсіз келесі тұлғаларға:
3.4.1 уәжді сұрауы бойынша мемлекеттік органдарға, соның ішінде анықтау және тергеу органдарына, және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына;
3.4.2 Қазақстан Республикасының күші бар заңда көрсетілген өзге жағдайларда беруге құқылы.
3.5. Оқу орталығы Жеке дерек пен Деректі үшінші тарапқа осы Құпиялылық саясатының 3.4. п. көрсетілмеген келесі жағдайларда:
3.5.1 Қолданушы мұндай қадамға өз келісімін бергенде;
3.5.2 дерек беру Қолданушының Вебсайтты пайдалану және Қолданушыға қызмет көрсету аясында қажет болғанда беруге құқылы;
3.6. Оқу орталығы Жеке деректі және Деректі автоматтандырылған өңдеу бойынша жүргізеді.
4. ЖЕКЕ ДЕРЕКТІ ҚОРҒАУ
4.1. Оқу орталығы Жеке және өзге деректі Заңға сәйкес тиісті деңгейде қорғайды және Жеке деректі қорғау үшін ұйымдастыру мен техникалық шараларды қажетінше және жеткілікті деңгейде қолданады.
4.2. Қолданылатын қорғау шарасы сондай-ақ Жеке деректі үшінші тараптан заңсыз қолдану немесе кездейсоқ қол жеткізуден, бұзудан, өзгертуден, бұғаттаудан, көшіруден, таратудан, сонымен қатар өзге заңсыз әрекеттен қорғауға мүмкіндік береді.”
5. ӨЗГЕ ЕРЕЖЕЛЕР
5.1. Осы Құпиялылық саясатына және Қолданушы мен Оқу орталығы арасындағы Құпиялылық саясатын қолдануға орай туындайтын қарым-қатынаста Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.
5.2. Осы Келісімнен туындауы мүмкін барлық дау Оқу орталығының тіркелген жері бойынша күші бар заңға сәйкес шешіледі.
Сотқа шағымданбас бұрын Қолданушы сотқа дейінгі міндетті тәртіпті сақтауы және Оқу орталығына тиісті шағымын жазбаша жеткізуі тиіс. Шағымға жауап беру мерзімі 30 (отыз) жұмыс күнін құрайды.
5.3. Белгілі бір себеппен Құпиялылық саясатының бір немесе бірнеше ережесі жарамсыз немесе заңдық күші жоқ деп танылса, ол Құпиялылық саясатының өзге ережесінің заңдық күшіне және қолданылуына кедергі келтірмейді.
5.4. Оқу орталығы Құпиялылық саясатын кез келген уақытта және Қолданушының алдын-ала келісімінсіз біржақты өзгертуге (толық не бір бөлігін) құқылы. Барлық өзгерту Вебсайтқа жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
5.5. Қолданушы Құпиялылық саясатының өзгергенін өз бетінше қадағалап, жарияланған редакциямен танысуға міндеттенеді.
5.6. Осы Құпиялылық саясаты жөніндегі барлық ұсыныс пен сұрақты

«EDU Stream Plus» ЖШС (Эду Стрим Плюс) оқу орталығының құпиялылық және жеке дерегін өңдеу саясаты